26 жел, 2018 сағат 11:50

Сырдария арнасынан шығып кетуі мүмкін - Қазгидромет

Қызылорда облысында Сырдария өзені арнасынан шығып кетуі мүмкін, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

«26-28 желтоқсан аралығында Қызылорда облысы аумағында Сырдария бойында мұз көшкінің кептелуіне байланысты өзен арнасында су деңгейі көтеріліп, маңайды су басуы ықтимал», - делінген хабарламада. 

Еске сала кетсек, кеше Қазалы ауданы тұсында Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бөгеті жарылып кетті.