08 ақп, 2019 сағат 20:12

Стамбулда қираған үй астында 45 сағат жатқан жасөспірім тірі табылды

Стамбулда сәрсенбі күні қираған сегіз қабатты үй астынан 16 жастағы бала құтқарылды, ол 45 сағат бойы үйінді астында жатқан, деп хабарлады РИА Новости Түркияның ІІМ басшысына сілтеме жасап.

Бұдан бұрын 18 сағат үйінді астында жатқан бес жасар қыз құтқарылған еді.

"Үй қирағаннан кейін 45 сағаттан соң құтқарушылар үйінді астынан 16 жастағы жасөспірімді алып шықты", - деп мәлімет берді министр. Баланың жағдайы туралы ештеңе айтылған жоқ.



Стамбул қаласының әкімшілігі хабарлағандай, Қартал ауданында ғимараттың құлауынан кем дегенде 12 адам қаза тауып, 13 адам жарақат алған. Құтқарушылар үйінді астын әлі тексеріп жатыр. Үйдің қирауына үстінен тағы үш қабаттың заңсыз салынуы себеп болған болуы мүмкін.