18 қыр, 2019 сағат 18:57

Солтүстік Қазақстанда жылыту маусымы басталды

Солтүстік Қазақстан облысында биыл жылыту маусымы жылдағыдан ерте басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

СҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекшісі Әділбек Әубәкіровтің мәліметінше, 18 қыркүйектен бастап әкімдіктің қаулысына сәйкес облыстағы әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады.

«19 қыркүйектен бастап жылыту жүйесіне тұрғын үйлер қосыла бастайды. 10 күнге бекітілген бағдарлама бар және тұтынушылардың өтінішіне қарай жылу беріледі», - деді Әділбек Әубәкіров.

Қолайсыз ауа-райына байланысты соңғы үш жылда облыста жылыту маусымы 23 қыркүйек басталды. Биыл синоптиктердің болжамына сай бұл жұмыс бір апта бұрын басталуы тиіс еді. Алайда, күннің жылынуына байланысты бірер күнге кейінге шегерілді.