04 сәу, 2020 сағат 14:13

Шымкенттен өтіп бара жатқан транзиттік көлік жүргізушісінен коронавирус анықталды

Шымкент аумағынан өтіп бара жатқан транзиттік көлік жүргізушісінен коронавирус анықталды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдай штабы мәлімет таратты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Науқас 1964 жылы туған Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына қарасты Атакент елді мекенінің тұрғыны екені анықталды. Ол 28 наурыз күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізуші «Мәскеу-Алматы» бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. Нәтижесінде шұғыл ауруханаға жеткізілген. Ал, транзиттік көлікті ары қарай айдап кеткен ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға жатқызылған. Бұл Шымкентте тіркелген 13-жағдай болып отыр» делінген хабарламада.