10 мам, 2017 сағат 08:19

Шымкентке ірі бұршақ жауды (Видео)

9 мамыр күні кешке Шымкент қаласында күн бұлттанып, найзағай ойнады. 

Отырар.кз сайтының жазуынша, шамамен сағат 22.25-те жаңбыр жауып, бірнеше минуттан кейін бұршақ түсті. 10 минутқа жалғасқан табиғаттың бұл тосын құбылысы шымкенттіктерді әбігерге түсірді.

Қала тұрғындары мұз түйіршіктерінің диаметрі үш сантиметрді құрағынын айтуда. Әлеуметтік желілерде тараған суреттерге қарағанда кейбіреулер бұршақты шелектен жинаған сыңайлы.