28 ақп, 2020 сағат 10:15

Шығыс Қазақстандағы Абай мүсіні жөнделеді

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Абай мүсіні жөнделмек, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өткен жылы Көкпекті ауданында Абай ескерткіші бой көтерген. Осымен облыс бойынша хакім ескерткіштерінің саны 8-ге жетті. 2020 жылдың сәуір айына дейін Үржар ауданындағы Абай мүсіні жөнделіп, аумағы абаттандырылады», - дейді ШҚО Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқарма басшысының міндетін атқарушы Раушан Нұрмұханова.

Оның айтуынша, биыл қазақтың бас ақынына жаңа ескерткіш орнату туралы ұсыныс жасалмаған.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да Абай мерейтойына орай 560 шара өткізілетіні хабарланған болатын.