10 шіл, 2018 сағат 17:27

Шілденің соңында Алматыда күн 40 градусқа дейін ысиды

Алматыда шілде айының соңында ауа температурасы 40 градустан жоғары болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазгидрометтің мәліметінше, шілде айындағы орташа ауа температураы 25 градустың айналасында құбылуы ықтимал. Бұл қалыпты температурадан (24°С жылу) 1 градусқа жоғары болмақ.

Солтүстік-батыстан ауысқан ағындармен байланысты, қысқамерзімді жаңбырлар жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғуы мүмкін.

Сондай-ақ, қаладағы ауа температурасы 35 градустан 45 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.