#
#
Дүйсенбі 25/06/2018

Шетелдік фанат: Өлім аузында жатқанда Димаштың әнін естіп, басымды көтердім

  • 01.06.2018
  • 0
  • 7701

Димаш Құдайбергеннің 63 жастағы фанаты Анита Рай Уорд әншіні іздеп Жаңа Зеландиядан Ақтөбеге арнайы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласына Димаш Құдайбергеннің бір топ фантоп жетекшісі келді. Олар әншімен оңаша кездесіп, өз ойларын айтты, көкейде жүрген сұрағын қойды. Олардың арасында Анита Рай Уордтың тағдыры бөлек. Жаңа Зелендиядан келген қария қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Арманы үшін дертінің ауырлығына қарамай, Димаш Құдайбергенмен кездесу үшін Ақтөбеге жеткен. Фанат қазақ тілін де үйреніп жүр.

"Бүйректің қатерлі ісігіне шалдығып, екі рет ота жасатқан едім. Тіпті өмірден баз кешіп, төсекке таңылдым. Сол кезде ютубтан Димаш Құдайбергеннің Опера-2 әнін естіп ес жидым, басымды көтердім. Қайта тұрып, өмір сүруге құштарлығым артты", - деді зейнеткер Анита Рай Уорд.

Фанат Димаш Құдайбергеннің әнін 2017 жылдың қыркүйегінде алғаш рет тыңдап, үш ай бойы бар әнін әлеуметтік желіден қарап шыққан.

"Маған 4 деңгейлі  бүйректің қатерлі ісігі деген диагноз қойды. Қиын кезде маған күш пен дем берген жалғыз Димаш болды. Өткен жылы күзде Қытайда өткен концертіне барғым келген. Бірақ тұрақты ем алып, дәрі іштім. Сәті осы жолы түсіп, Ақтөбені көрдім. Бәлкім, бұл менің соңғы сапарым шығар. Димашты көріп, шексіз қуандым", - деді фанат.

Еске салсақ, Димаш Құдайберген "Бақытты бала" байқауында ақылдастар алқасында отыр. Ертең байқау қорытындыланып, Димаш Құдайберген гала концертте ән айтады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар