23 мам, 2018 сағат 16:46

Шалқарлықтар туған жерін дамытуға 600 млн теңгеден астам қаржы аудармақ

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында «Шұғылалы Шалқарым!» атты республикалық жерлестер форумы өтіп жатыр. Оған 2,5 мыңға жуық адам қатысуда. Шақырылғандардың арасында ауданның Ақтөбе облысынан тыс жерлерде тұрып жатқан 140-тан аса табысты әрі танымал тумалары, соның ішінде профессор Серік Ақшолақов та бар.

Форум «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған және елорданың 20 жылдығына арналған. Шараның басты мақсаты – кіші отанға деген патриотизм мен сүйіспеншілікті қалыптастыру, ауданның белгілі бір жетістікке жеткен тумаларын туған өлкесін әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытуға тарту.

Қатысушылар жергілікті тауар айналымын, медицина, бизнес пен азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігін дамыту сұрақтарын талқылады.

Форумның қорытындысында Шалқар ауданындағы әлеуметтік нысандардың құрылысына жеке инвестицияларды тарту туралы меморандумдарға қол қойылды. Атап айтқанда, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында кәсіпкерлер аудан орталығында Жастар сарайын, күндізгі стационары бар аурухана мен жүз орындық балабақша, Қауылжыр ауылында спорт сарайы мен балабақша, Жаңақоныс ауылында ауыл клубын салу туралы келісімге қол қойды.

Сонымен қатар, кәсіпкер Данияр Қобландин Шалқарға жаңа жол салып беру туралы шешім қабылдады. Қалалық жолдардың біреуінің 2,5 километрін қалпына келтіру үшін кәсіпкер 75 миллион теңге аударады.  Бұл жобалардың жалпы құны 630 млн. теңгені құрайды.


Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, туған жердің гүлденуіне үлес қосу әрбір адамның міндеті екенін атап өтті.

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бізде бір Отанымыз - Қазақстан бар, екіншісі - жоқ», - дейді. 

Әрбір азамат мүмкіндігінше өз туған жеріне көмектесуі керек. Көмек ақшалай немесе қандай да бір объектілердің құрылысы болу міндетті емес. Мысалы, көрнекті нейрохирург дәрігер Серік Ақшолақов туған жерін ұмытпай, көптеген қайырымдылық операцияларын өткізді. Пациенттердің өмірін құтқарып, ол жас ақтөбелік дәрігерлерге қайырымды ісін үйретеді. Әр адам өзі тәрбиеленген туған жеріне жиі келіп, өскелең ұрпақпен кездесіп, бар жетістіктерін туған ортасымен бөлісуге, өз талантын сыйлауға тиіс - деді аймақ басшысы.


Конференция «Бақытты бала» аймақтық бағдарламасының аясындағы қайырымдылық шарасымен аяқталды. 100 бала Астанада демалу үшін, 25 бала Орталық Азиядағы ең көне қалаларының бірі  Түркістанның  тарихи және мәдени көрікті жерлеріне саяхат жасауға және демалуға жолдама алды. 373 оқушы Орал қаласының ең жақсы қала маңындағы жазғы лагерлерінің біріне барады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім балаға 3,8 млн теңгеге ҚТҮЖБ есеп шоттарын қосымша толықтыру үшін сертификаттар табыс етілді. Бұған қоса, көп балалы 10 анаға шипажайға жолдама берілді.