24 ақп, 2020 сағат 10:37

Семейде көше кезген елік ұсталды

Семей қаласында көше кезіп жүрген елік ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қала тұрғындары елікті 23-інен 24 ақпанға қараған түні байқап қалыпты. Жабайы аң адамдардан қорқып, қашып кеткен. Алайда жанашырлық танытқан жандар көп ұзамай елікті ұстап алған.

«Бүгінде түз тағысы Семейдегі биологиялық орталыққа жеткізілді. Еліктің жағдайы тексеріліп, ешқандай жарақат анықталмаса, ол қайтадан табиғи мекеніне жіберіледі», - дейді орталық мамандары.