18 қаз, 2019 сағат 09:36

Сарышаған полигонында зениттік- зымыран кешенінің сынақтары өткізілді

Әуе шабуылына қарсы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайрат Садықовтың басшылығымен Сарышаған полигонында С-300 зениттік-зымыран кешенін бақылау сынақтары өткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сынақтар Әуе шабуылына қарсы әскерлерін жауынгерлік техникамен қайта қаруландыру жоспарына сәйкес өткізілді және кешеннің жауынгерлік әзірлік барлық жүйелері мен параметрлерінің қызмет атқаруы, тексеру, жөнге салу және ретке келтіру мақсатында ұйымдастырылды.

Бұдан бұрын С-300 –ді әуе шабуылына қарсы жүйелерін жөндеу мен қызмет көрсетуге бағытталған отандық кәсіпорын – «Гранит» арнайы конструкторлық –технологиялық бюросының негізінде күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізілген.

Қабылдау-тапсыру сынақтарының қорытындысы бойынша зениттік -зымыран кешені пайдалануға және өзіне арналған қызметті атқаруға жауынгерлік кезекшілікке түсуге әзір.

С-300 зениттік-зымыран кешені әуе шабуылына қарсы жедел және көпканалды жүйесі болып табылады. Ол ауқымды мақсаттарды жоюға, бірден алты мақсатты 30 дан 1200 м/с жылдамдығына дейін ұшып объектілерді жоюға қабілетті.

Аталған кешен қазіргі заманғы Қазақстан қару-жарақ техникалардың қатарында бар және әлемдегі ең қуатты әуе шабуылына қарсы қуатты жүйе болып есептеледі.