17 нау, 2017 сағат 08:08

Сағынтаев Семей қаласы әуежайының қайта құру жұмыстарымен танысты

Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан Семей қаласының халықаралық әуежайының қайта жөнделу жұмыстарымен және жүйесімен танысты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz порталына сілтеме жасап.

Облыс әкімінің орынбасары С. Ақтанов ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа әуежайдың қайта жөнделу жұмыстарының барысы туралы айтып берді. Оның аясында ұшып-қону жолағы 2,7 шақырымнан 3,3 шақырымға дейін ұзартылатын болады, жаңа апаттан құтқару стансасы тұрғызылады, және коммуникацияның барлық түрі алмастырылатын болады. Бұдан өзге, Б. Сағынтаевқа әуежайдың қауіпсіздік жүйесінің жұмыстары туралы есеп берілді.

Айта кету керек, Семей қаласының әуежайы транзиттік бағдарлар үшін өте қолайлы географиялық жерде орналасқан және қайта құру жұмыстарынан кейін жүк лайнерлерінен бастап, кез-келген ұшақ түрлерін қабылдай алатын болады. Бүгінгі таңда әуе айлағы жылына шамамен 70 мың адамға қызмет көрсетеді.