28 мау, 2019 сағат 10:20

Роман Скляр: Агротехниканы құрастыру саласында 5,5 мың жұмыс орнын ашуға болады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр «Хабар» арнасына берген сұхбатында ауыл шаруашылығы техникасын құрау саласын дамытуға қаржылық қолдау қажеттігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2018 жылы агроөнеркәсіп саласының субъектілерінің өтініші бойынша жылдық 7 пайызбен техниканы сатып алу бағдарламасы іске қосылған болатын. Биыл бағдарлама толыққанды жұмыс жүргізіп, «БРК Лизинг» АҚ арқылы жеңілдетілген тәртіппен отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жол ашып отыр.

«Көптеген ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мемлекет тарапынан көрсетілетін ынталантыру тетіктерін білмейді. Түсіндіре кетейін: утилизациялық жинау шаруасын өндіруші немесе импортер жүргізеді. Шаруа қожалықтардың өздері құрап алуға міндеттелмейді! Автокөлік саласының тәжірибесі бойынша «Оператор РОП» ЖШС ескі техникаларды утилизацияны ерікті түрде жүргізеді. Сол ескі техниканың иесі утилизациялық сертификатқа ие болады. Ол сертификатты жаңа техниканы сатып алуда алғашқы жарна ретінде пайдалануға болады», - деді Роман Скляр.

Министр бұл ретте, отандық ауыл шаруашылығы техникаларының бағасы шарықтап кетпейтінін атап өтті. Қазақстандық шаруалар бұрынғы шарттар бойынша тракторлар мен комбайндарды сатып ала алады. Роман Скляр сонымен қатар қазақстандық нарыққа шетелдік техникаларды импорттау арқылы пайда тауып отырған белгілі бір топтың таратқан қауесетіне сенбеуге шақырды.

«Қазақстанның аумағында ауыл шаруашылығы техникасын құрау саласы арқылы 5,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға толық мүмкіндік бар», - деді Роман Скляр.