16 мам, 2018 сағат 10:32

Рамазан айындағы оразаның өңірлер бойынша кестесі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айы басталатын уақыттың өзгеруіне байланысты ораза және намаз кестесінің жаңа нұсқасын бекітті. "Ұлт ақпарат" оқырмандар назарына еліміздің әр өңірі бойынша кестені ұсынады. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл Рамазан айы 17 мамырда басталып, 14 маусымға дейін жалғасады. Маусымның 10-нан 11-іне қараған түн - қасиетті Қадір түні. Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады.

ҚМДБ Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері 300 теңге болып бекітілді.

Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.