#
#
Сенбі 15/12/2018

Путин Нурмагомедовтің төбелес шығаруы туралы ойын білдіріп, ақыл айтты (Видео)

  • 11.10.2018
  • 0
  • 2508

Ресей президенті Владимир Путин жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен кездесті. Кездесуде файтердің әкесі әрі бапкері Абдулманал Нурмагомедов те болған. Бұл туралы Ресей Федерациясы басшының баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Sputnik.

"Жеңісіңмен құттықтаймын. Әкеңді осындай ұл өсіріп, мықты спортшы етіп тәрбиелегені үшін құттықтағым келеді", — деді Путин.

Хабиб Нурмагомедовтің әкесі чемпион кішкентай кезінде "бұзық болғанын, бірақ кейін өзгергенін" айтты.

Путин ресейлік аралас жекпе-жек шеберінің Макгрегорды жеңгеннен кейін төбелес шығарғанына қатысты пікір айтты.

"Әлбетте, бұл – коммерциялық спорт, дегенмен спорттың аты спорт. Сондықтан мұнда да қағазға жазылған ғана емес, жалпы спорттық моральдық ережелердің сақталғаны жөн деп санаймын, — дейді Владимир Путин. — Ақшадан гөрі, жарнамадан гөрі спорттың шын идеалы басты орында болса деген үміттемін. Әрине, мұны бірінші кезекте қарсыласыңның командасына қатысты айтамын. Дұрыс қарым-қатынасқа, достыққа, спорттық сыйластыққа жол таба білген жөн (…). Өз қарсыластарыңмен бәсекелес болсаң да, жақсы адами қарым-қатынас жасайтын боласың".

Сонымен қатар, Путин әкесінен Хабибті қатты жазаламауды сұрады, өйткені спортшы басты мақсатты орындады – тайталасқан жекпе-жекте жеңіске жетті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар