#
#
Жексенбі 22/09/2019

Президент көмекшiсi Аида Балаева СҚО тұрғындарын жеке қабылдайды

  • 12.09.2019
  • 0
  • 664

ҚР Президентiнiң көмекшiсi — ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң Өтiнiштердi қарауды бақылау бөлiмiнiң меңгерушiсi Аида Балаева Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

СҚО әкімдігінің ақпаратына сәйкес, А.Балаева жұртшылықпен 13 қыркүйек күні (сағат 10.00-ден бастап) «Nur Otan» филиалының қоғамдық қабылдауында кездеседі.

«Толық ақпаратты 8 (7152) 34-02-04 телефон нөмірі арқылы алуға болады», - деді әкімдіктен.

Президент көмекшісі бұған дейін Қарағандыдағы «Nur Otan» партиясы филиалында өңір халқын қабылдаған болатын. 

Еске салсақ, А.Балаева Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып биылғы 22  шілдеде тағайындалды.

Жаңа қызметіне кіріскен алғашқы үш аптада ол 100-ден астам адамды жеке қабылдағанын жазған едік. А.Балаеваның айтуынша, халықты толғандыратын негізгі мәселелер – тұрғын үй, банк несиелері, сот шешімдері мен құқыққорғау органдарының әрекеттері.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар