#
#
Сейсенбі 18/06/2019

Ойыншықтар хикаясы: Том Хэнкс пен Киану Ривз қазақша сөйледі

  • 11.06.2019
  • 0
  • 415

«Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тіліне дубляждалған 30-шы фильм жарыққа шыққалы жатыр. «История игрушек» / «Ойыншықтар хикаясы» анимациялық фильмі осы жылдың 20 маусымында жаппай прокатқа жол тартады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Болашақ» корпоративтік қорына сілтеме жасап.

Анимациялық фильм «Болашақ» корпоративтік қоры және «Меломан» компаниясының бастамасымен «Өзіңнен баста» жобасы аясында дубляждалған. Анимация астронавт Базз, ковбой Вуди, ит Слинки, тиранозавр Рекстің қызықты оқиғалары туралы баян етеді.

«Дубляж кастингіне Нұр-Сұлтан мен Алматыдан 50-ден астам актер қатысып, фильмнің басты үш саундтрегін белгілі қазақстандық әнші орындады. Қазақ тіліндегі үш саундтректің екеуі Itunes қосымшасына шығады. Алғаш рет фильмге арналған әзілдерді қазақстандық Көңілді тапқырлар клубы бейімдеді. Анимациялық трилогиядан шыққан дебюттік фильм 1995 жылы үлкен экранға шыққан. «Ойыншықтар хикаясы - 4» алғаш рет қазақ тіліне дубляждалды. Онда Том Хэнкс, Энни Поттс, Тим Аллен, Кристина Хендрикс, Киану Ривз және Голливудтың басқа да актерлері қазақ тілінде сөйлейді», - делінген қордың хабарламасында.

Қазақ тіліндегі дубляж режиссері - Назерке Леспекқызы болса, аудармашы - Әсел Мамырова, мәтіндерді салушы - Гүлжан Сауыртаева.

«Өзіңнен баста» - голливудтық фильмдерді қазақ тіліне көркемдік дубляждау жобасы. 2011 жылдан бері «Болашақ» корпоративтік қоры және «Меломан» компаниясының бастамасымен жүзеге асып келеді. Әлеуметтік жоба, сондықтан коммерциялық мақсатты көздемейді. Жобаның арқасында бүгінде 100-ден астам отандық актерлер «Walt Disney Pictures» дауыстық базасында тұр. Қазақ тілі «Walt Disney» компаниясының тарихында түрік тілінен кейін 39-шы және «Sony Pictures» үшін - 7-ші орынға жайғасты. Шығыс Еуропа мен ТМД елдері үшін шығарылатын Blu-Ray-де көру үшін қолжетімді голливудтық фильмдердің 7 негізгі тілдеріне кірді», - делінген хабарламада.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар