#
#
Жексенбі 07/06/2020

Өскеменде коронавирус жұқтырған зейнеткермен 198 адам байланыста болған

  • 03.04.2020
  • 0
  • 238

Өскемен қаласында коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, жұқпалы індетке 1938 жылғы әйел адам шалдыққан. Ол дәрігерлерге 1 сәуір күні өзі жүгініпті. 

«Науқас бірден ауруханаға жеткізіліп, рентгенологиялық зерттеулер жасалды. Оған «пневмония» диагнозы қойылған. Пациенттен коронавируске қатысты алынған сынама оң нәтиже көрсетті», - дейді ол. 

Басқарма басшысының сөзіне сенсек, зейнеткер қаңтар айында Ресейге барып келген. Қазіргі уақытта науқаспен байланыста болған 198 адам анықталып отыр. Олардың барлығы оқшауланды. 

Айта кетейік, осымен ШҚО-да коронавирус жұқтырған 3 адам тіркелді. Бұған дейін Мысырдан демалыстан келген Семей қаласының 2 тұрғынынан вирус анықталған болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар