02 ақп, 2018 сағат 07:57

Оралдағы жол апаты: Екі адам қаза тауып, тағы жетеуі зардап шекті (Видео)

Оралда жүк көлігі жолаушылар автобусымен соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тапты және тағы жетеуі зардап шекті, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі.

Орал қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисеновтің айтуынша, бұл жөнінде хабар сағат 16.15-те түскен.Жол апатынан әйел адам қаза тапқан. Екі бала жарақат алған.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғалидың нақтылағанындай,  жедел жәрдем көлігі келгеннен кейін тағы бір адам көз жұмған. Сонымен қатар қалалық көпбейінді ауруханаға 7 адам жеткізілген. Соның екеуі - балалар. 

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

фото, видео: жергілікті "Мой город" газетінен