#
#
Сейсенбі 18/06/2019

Нұр-Сұлтанда бір субұрқақты қысқа қарай тұмшалап, жазда ашуға 38 млн теңге жұмсалады

  • 21.05.2019
  • 0
  • 1265

Елорданың бір субұрқағын күтіп ұстауға жылына 38 млн теңге бөлудің еш қажеті жоқ. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Субұрқақты тұмшалауға және қайта ашуға - 38 млн теңге. Біз өткен жылы әдемі имидждік субұрқаққа өте қомақты қаржы бөлдік. Бірақ, жыл сайын 38 млн теңге бөлетін болсақ, онда мұндай субұрқақтың қажеті қанша?» - деді ол Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңес отырысында.

Айта кетерлігі, қоғамдық кеңес отырысында Нұр-Сұлтан қалалық стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айжан Түгелбаева 2019 жылғы қала бюджеті туралы баяндап, бір субұрқақты қыста тұмшалап, жазда қайта ашқанға 38,6 млн теңге ашқа бөлінгенін айтқан еді.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар