#
#
Сейсенбі 25/02/2020

Нұр-Сұлтан қаласында 30 градус аяз болады

  • 27.01.2020
  • 0
  • 297

«Қазгидрометтің» қысқа мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Алуа Саханова қаңтар айындағы климат туралы айтып берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы тәуліктерде, яғни 29-30 қаңтарда солтүстік-батыс антициклонның келуі күтілуде. Осының салдарынан күн суытып, қардың түсуі тоқтайды. Ауа температурасы қаңтар айындағы қалыпты деңгейде болады, түнде солтүстікте, шығыста және орталықта минус 20-30 градусқа дейін төмендейді», - деді А. Саханова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Алайда температураның осы деңгейде төмен болуы ұзаққа созылмайды.

«Атлантикалық циклон Ресейдің еуропалық аумағына шығуға жақындады. Осыған байланысты жылы ауа біздің батыс өңірлерге жылжи бастайды», - деді спикер.

Оның сөзіне қарағанда, қаңтар айының басынан бері елордада 49 миллиметр жауын-шашын түскен, ал бір айдағы норма 16 миллиметр. Яғни бұл көрсеткіш үш айдың нормасын қамтып тұр.

 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар