01 мау, 2018 сағат 10:56

Назарбаевтың мамыр айындағы жұмыстарының қызықты сәттері (видео)

Ақорданың баспасөз қызметі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының мамыр айындағы жұмыс кестесіне шолу жасады.

Видео шолуда Елбасы сапарлары мен кездесулерінің қызықты сәттері топтастырылған. 

"Мемлекет басшысының өткен аптадағы жұмыс кестесі есте қаларлық сәттерге толы болды. Елбасы Ақордадағы кездесу мен кеңестерден бөлек, еліміздің екі қаласына іссапар жасады, Сочиде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысына қатысты", - делінген фейсбуктегі жазбада.