25 қаң, 2017 сағат 09:56

Назарбаевтың белгісіз суреті жарияланды

Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайымен Баянауылға демалысқа барған ескі суреті жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Суретті Павлодар тұрғыны Дәулет Закарьянов жариялады.

"Досым Арман Алинның фотоальбомынан алынған сурет. Сурет 70-жылдары Баянауылда түсірілген. Назарбаев отбасымен Арманның ата-анасының (Алин Ысқақ Нұрғалиұлы - Назарбаевтың жанында отыр және әйелі Камила - ол сол жақта, Сара Алпысқызының жанында тұр) отбасына бірнеше күнге қонаққа келген. Сол уақытта әкесі Жаңатілек орта мектебінің директоры еді. Бұған дейін ол Алексеевка орта мектебінде директор болған және сол мектептің табалдырығын мен аттағанмын. Керемет педагог әрі тамаша адам еді, ҰОС-на қатысқан. Назарбаевпен бірге академик, Социалистік Еңбек ері Әбілқас Сағынов та келген еді", - деп жазды Закарьянов.