02 сәу, 2019 сағат 12:23

Назарбаев сыныптастарымен кездесті (фото)

Нұрсұлтан Назарбаев сыныптастарымен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Алматы облысы Қарасай ауданына барған сапарында бірге оқыған сыныптастарымен және бала кездегі достарымен кездесіп, әңгімелесті.

Әңгімелесу барысында ежелгі достар өздерінің естеліктерін бөлісіп, өңірдің қазіргі даму жағдайын талқылады.

Айта кетсек, бүгін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туған жері Шамалғанға барған болатын. Сапар барысында Елбасы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығын барып, тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ,  Қарасай ауданы, Шамалған кентіндегі дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен танысты.