#
#
Жексенбі 23/09/2018

Назарбаев Өскемендегі роботтандырылған хирургия орталығында болды

  • 28.06.2018
  • 0
  • 429

Қазақстан Президенті «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Роботтандырылған хирургия орталығына барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Нұрсұлтан Назарбаев «№1 Өскемен қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының базасында құрылған Қазақстандағы тұңғыш Роботтандырылған хирургия орталығының жұмысымен танысты. Орталықты аралау барысында Мемлекет басшысына заманауи операциялық-цифрлық кешеннің жұмысы мен оның даму перспективалары жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті телекөпір режімінде облыстың Аягөз және Зырян аудандарындағы инсульттік орталықтардың ұжымдарымен әңгімелесті.

Елбасы шалғай елді мекендерде медициналық орталықтар салу мақсатымен мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелеріне тоқталды.

Мемлекет басшысы жүрек-қан тамыры ауруларын емдеу сапасын жақсартудың және бала мен ана өлімінің алдын алудың маңыздылығын атап өтті.

– Қазақстанның әрбір облысында жүрек-қан тамыры ауруларынан қайтыс болатындардың санын азайту мақсатымен жүрекке ота жасайтын медициналық орталықтар салынды. Қазіргі уақытта өлім-жітім көрсеткішін төмендете алдық, – деді Қазақстан Президенті. 

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев саламатты өмір салтын насихаттау арқылы түрлі аурулардың алдын алу қажеттігін айтты.

– Біздің денсаулығымыздың 10-15 пайызы ғана дәрігерлер мен медицинаға, қалғаны өзіміздің өмір сүру салтымызға байланысты. Болашақ нәрестенің денсаулығы ананың денсаулығына байланысты екенін түсіндіру қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы роботтандырылған хирургия жүйелерінің тиімділігіне тоқталды.

Осыған орай Елбасы медицина саласындағы кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз етудің қажеттігін де атап өтті.

Соңында Қазақстан Президенті орталықтың қызметкерлеріне және емделушілерге зор денсаулық пен табыс тіледі.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар