14 нау, 2019 сағат 12:25

Наурыз мерекесінде Астанада қандай шараларды тамашалауға болады?

Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева Наурыз мерекесіне орай Астанада қандай мәдени және бұқаралық шаралар өтетінін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, Наурыз мейрамын ауқымды сипатта атап өту 15 наурыздан басталып кетеді. Ертең, яғни 15 наурыз күні астаналықтар мен қала меймандары «Астана» концерт залында «Ұлы дала ұлағаты» атты қазақ халқының салт-дәстүріне арналған музыкалық театрландырылған қойылымды тамашалай алады.

15 наурыздан кейін апта бойы бірқатар шаралар ұйымдастырылатынын атап өту керек. Қаланың мәдени және спорттық нысандарында көрмелер мен серуендер, концерттер мен эпикалық драмалар өтеді.

21-22 наурыз күндері «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт болады

Наурыз мейрамына орай елордада өтетін толық шараларды төмендегі суреттерден көруге болады.