#
#
Сейсенбі 12/11/2019

Мұз астынан табылған ежелгі киімдердің сапасы таңғалдырады - ғалымдар

  • 03.06.2019
  • 0
  • 1022

«Бір қарағанда археология мен жаһандық жылыну арасында еш байланыс жоқ сияқты көрінеді. Дегенмен, мұздықтардың еруі нәтижесінде бүгінгі күнге дейін өте жақсы күйде сақталған ескерткіштер табылуда», - деп жазады Slate.fr басылымы.

Автордың жазуынша, бүгінгі таңда мұз археологиясы деген жаңа ғылыми пән пайда болған.

«Мұз археологиясы - мұз астындағы тарихи ескерткіштерді тауып, зерттеумен айналысады. Мұндай заттар мұз астында қатып қалғандықтан, жақсы күйде сақталған», - дейді Швейцариядағы Вал тарихи музейінінің қызметкері Пьер-Ив Нико.

«Ғылыми пән ретінде мұз археологиясы бірегей сала саналады. Біріншіден, оның пайда болуының өзі ерекше. 1991 жылы қыркүйек айында Италья - Австрия шекарасында жүрген жұп мұз астынан шыққан адам денесін тауып алған. Ол мумия Эцталь тауының құрметіне Эци аталып кетті. Ғалымдар басында бұл жоғалып кеткен альпинист денесі деп ойлады. Ал археологтар дененің 5 мың жыл бұрынғы мумия екенін анықтады», деп жазады автор.


Оның сөзіне қарағанда, мұз археологиясының басты міндеті  ежелгі кезеңдегі тау тұрғындарына басқаша көзқарас ұсыну.

«Мұз астынан табылған киімдер мен аксессауарлардың сапасы таңғалдырады. Альпі тауларының маңынан 2800 метр тереңдікте табылған заттар б.з.д. 3800-3700 жылдардағы әдіспен жасалған. Кейбір тері аяқ киімдер тіпті б.з.д. VIII-VI ғасырға тән», дейді Нико.

Оның пайымына қарағанда, жаһандық жылыну нәтижесінде мұздар жылдам еріп, мұз астындағы тарихи ескерткіштер су бетіне шығып, өте жылдам бұзылып жатыр.

«Сол себепті адамдар тарихи объект тауып алса, оны қозғамай, археологтарға хабарлауы керек», дейді ол.

ҚазАқпарат


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар