#
#
Бейсенбі 21/11/2019

Мұғалім рухани және технологиялық өзгерістердің шыңында болуы керек – Ерлан Саиров

  • 16.10.2019
  • 0
  • 167

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саиров Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен Президент Жолдауын талқылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы мен Еуразия интеграция институты бірлесіп ұйымдастырған жиын Көкпекті ауданы әкімдігінің конференц-залында өтті.

Айтып өткеніміздей, шараға Қазақстан республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саиров қатысты.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап көрсеткен негізгі басымдықтар туралы кеңінен әңгімелеген Ерлан Саиров еліміздегі шекаралық аудандарды дамыту, көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту, жастарға сапалы білім беру сияқты мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар саясаттанушы Ұлттық сенім кеңесі тарапынан нақты қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып берді.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтардың әлеуметтік мәртебесін көтеруді басым бағыттың бірі ретінде атап өтті. Заман өзгеріп жатыр, соған сәйкес біздің дүниетанымымыз да өзгере бастады. Осындай кезеңде ең жауапты әрі маңызды міндет мұғалімге жүктеледі. Өйткені ұстаздар қауымы болашақ ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырып, біліммен сусындатады. Мұғалім рухани және технологиялық өзгерістердің шыңында болуы керек», – деп атап өтті Ерлан Саиров.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар