19 там, 2019 сағат 08:04

Мәжіліс төрағасы Twitter парақшасын ашты

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Twitter-де @NigmatulinKZ жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Н.Нығматулин өзінің Twitter қолданушыларына арналған бейнежазбасында оның қол жетімді, заманға сай байланыс құралы екенін айтты. Сонымен бірге:

«Ол әрбір азаматпен тікелей байланысып, жедел ұсыныс-пікір алмасуға мүмкіндік береді. Бұл ортақ мақсат жолында, бірлесе жұмыс істеуге кең жол ашады деп ойлаймын. Сондықтан, алдағы уақытта осы парақшамда Мәжілістегі маңызды жаңалықтармен бөлісіп отыратын боламын»,-деді Мәжіліс спикері.