#
#
Жексенбі 07/06/2020

Мәулен Әшімбаев: Елге қызмет етуге ниет білдірген жастар әскери комиссариаттарға келіп жатыр

  • 09.04.2020
  • 0
  • 207

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес қазір еліміздің барлық өңірінде аумақтық әскерлер жасақталып жатыр. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес қазір еліміздің барлық өңірінде аумақтық әскерлер жасақталып жатыр. Сарбаздардың алды міндеттеріне кірісіп те кетті. Олар коронавирус індетімен күрес жұмыстарына жұмылдырылуда. 

Осы ретте қиын-қыстау шақта сапқа тұрғандардың басым бөлігі өз еріктерімен сұранып келген азаматтар екенін ерекше атап өткім келеді. Тіпті кейбір өңірлерде шақырылғандардың саны болжанған шектен асып кеткен. Елге қызмет етуге ниет білдірген жастар жергілікті жерлердегі әскери комиссариаттарға әлі де келіп жатыр. Күрделі кезеңде көпке үлгі көрсеткен ерікті сарбаздардың ішінде белгілі спортшылар мен өнер жұлдыздары да аз емес. Солардың қатарында көк туымызды ринг пен сахнада бірдей желбіретіп жүрген Ибрагим Ескендір бауырымыз бар. Қол күресінен халықаралық сайыстарда ел намысын абыроймен қорғай білген Тимур Сыпатаев та ел үшін еңбек етуге даяр екенін білдірді», - дейді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ, ол запастағы офицерлер де қандай жұмыс болса да дайын екенін айтып, қатарға қосылып жатқанын айтты. 

«Елордада ағайынды төрт бірдей жігіттің өз еріктерімен арнаулы жиынға келіп, әскерге алынғанын осы әлеуметтік желі арқылы біліп жатырмыз. Мұның бәрі нағыз елдік пен бірліктің жарқын көрінісі екені сөзсіз.

Шын мәнінде, біз ел басына күн туғанда атқа қонған қайсар халықтың ұрпағымыз. Жастарымыз қазіргідей сын сағатта жұдырықтай жұмылу арқылы соны айқын дәлелдеп берді. Әр азаматымыз осылай жауапкершілікті сезініп, Отан үшін ұйыса білсе кез келген сынақтан сүрінбей өтеміз.

Ырыс-ынтымақтың арқасында бұған дейін де талай дүрбелеңнен аман қалдық. Оған тарих куә. Бұл жолы да дәл солай береке-бірлік танытып, індетті бірге еңсеретінімізге сенеміз», - деп толықтырды ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар