27 нау, 2020 сағат 15:42

Маңғыстау облысының тұрғыны коронавирус жұқтырды

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің 27 наурыз 18:45-тегі дерегіне сай, Маңғыстау облысында бір адамнан коронавирус табылды. 

Елде қазір 126 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыда - 48 адам, Нұр-Сұлтанда - 61 адам, Қарағандыда - төрт адам, Жамбыл облысында - үш адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында - бір адам, Атырау облысында - үш адам, Павлодар облысында, Маңғыстау облысында бір адам.

26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда 64 жастағы бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. 25 наурызда Алматыда бір, Нұр-Сұлтанда бір науқас дертінен айыққан еді.

27 наурызда Павлодар, Атырау және Маңғыстау облыстарында коронавирус алғаш рет тіркелді.