#
#
Бейсенбі 24/10/2019

Маңғыстау әкімі Бекзат Нұрдәулетовке 2 бөлмелі пәтер сыйға тартты

  • 24.09.2019
  • 0
  • 255

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовке Ақтаудан 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыс әкімдігінде чемпионды қабылдаған өңір басшысы ел үмітін ақтаған Бекзатқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтауын жеткізіп, пәтер кілтін табыстады.

«Әрі қарай шыңдала бер. Жеңісті сәттер көп болсын! Сондықтан Ақтаудың төрінен пәтер сыйлаймыз. Осындай жетістікке жеткізген бапкерлерінің еңбегі зор», - деді Серікбай Трұмов.

Бапкерлерін ерекше атаған аймақ басшысы оларға да қаржылай марапат сыйлады.

Бекзаттың жас кезіндегі бапкері Батырбек Жайлыбаевқа 3 млн теңге, Марат Жәкиевке 5 млн теңге берілді.

Еске сала кетсек, Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен бокстан Әлем чемпионатында 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов әлем чемпионы атанды. Қазақстандық финалда өзбекстандық боксшы Дилшодбек Рузметовпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен 5:0 есебін жеңіске жетті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін түнде Ақтау әуежайына облыс әкімі Серікбай Трұмов бастаған 100-ден астам маңғыстаулық жиналып, бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовті күтіп алды.

Сондай-ақ, Бекзат Нұрдәулетовті жеңісімен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтаған болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар