18 мам, 2018 сағат 08:51

Laurel, әлде Yanny: Трамптың жауабы жұртты қыран-топан күлкіге қалдырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Желіде пайда болған дыбыстық иллюзияны тыңдап көрді. Трамп тыңдаған аудионы біреулер "Лорел" (Laurel), өзгелер "Йенни" (Yanny) деп естиді. Ал АҚШ басшысының жауабы жұртты қыран-топан күлкіге қалдырды, деп жазады Sputnik Kazakhstan.

"Мен "covfefe" (оқылуы — "ковфефе" ) деп естимін", — деді Трамп.

Негізінде "covfefe" сөзінің еш мағынасы жоқ. Алайда Америкада Трамптың арқасында біраз танымалдыққа ие болған.