#
#
Дүйсенбі 01/06/2020

Қызылордада коронавирус жұқтырған екінші адам - медбике

  • 29.03.2020
  • 0
  • 209

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған екінші адам кешегі науқаспен қарым-қатынаста болған медбике болып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов айтты. 

Анықталған екінші науқас Қызылорда қаласында тұрады. Жергілікті емхананың бірінде медбике болып қызмет атқарады. 1997 жылы дүниеге келген ол кеше анықталған науқаспен қарым-қатынаста болған. Оған медициналық бақылау жұмыстарын жүргізген. 

«Қазіргі жағдайда екінші науқастың күрделі шағымы жоқ. Тек тамағының ауруы белгісі бар. Дене қызуы қалыпты. Тыныс жетіспеушілігі жоқ. Жөтел де байқалмайды. Зерттелген сынама оң нәтиже бергендіктен оған коронавирус диагнозы қойылды. Қазіргі кездегі жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр», - деді Жақсылық Абдусаметов.

Қазіргі таңда 1А категориясы елдерінен келген 32 адам карантиндік бақылауға алынған. Оның ішінде, 9-ы стационарда, 23-і үй жағдайында. Бұған қоса, 1Б елдерінен келген 94 адам карантиндік бақылауда ұстап отырмыз. Оның 12-і стационарда, 82 үй жағдайында. 

Еске салсақ, кеше Қызылордада коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелген болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар