#
#
Cәрсенбі 21/11/2018

Қызылорда облысында тампонажды цемент зауыты мерзімінен бұрын пайдалануға берілмек

  • 05.11.2018
  • 0
  • 157

Жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент өнімін шығаратын Қазақстан бойынша тұңғыш зауыт ағымдағы жылдың желтоқсан айында Қызылорда облысы, Шиелі ауданында іске қосылады. Бұл туралы бүгін Астана қаласында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жоба 2015-2019 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда және өндірістік қуаттарды тасымалдау бойынша 51 бірлескен Қазақстан-Қытай жобаларының тізіміне енгізілген.

"Ағымдағы жылдың желтоқсан айында біз Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан тампонажды цемент зауытын мерзімінен бұрын іске қосамыз", - деді аймақ басшысы .

Қазіргі уақытта нысанның барлық құрылыс жұмыстары аяқталып, жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, кәсіпорында 260-тан астам адам жұмыс істейтін болады. Жергілікті салық көлемі артады, сондай-ақ, өндірісті іске қосу арқылы цементке арналған қаптар, асфальтбетонға минералды шаң шығаратын шағын және орта кәсіпорындарды ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, аудандық колледжді бітірген 48 жас маман Қытай зауыттарында қосымша білім алды. Қытайлық инвесторлар Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің базасында жергілікті жастар арасынан 80 маманды даярлықтан өткізуде.

Тампонажды цемент мұнай-газ және атом өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Әсіресе, апатты және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде таптырмас зат болып табылады. Бұдан басқа, шығарылатын өнім қатты аязға, суға және коррозияға қарсы төзімді, цементтің тағы бір маңызды сипаттамасы 10-12 сағатта кебеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар