20 ақп, 2017 сағат 09:07

Қызылорда қаласында 3 жыл ішінде 11 ықшам аудан бой көтерген

Соңғы үш жыл ішінде Қызылорда қаласында 11 ықшам аудан бой көтерген. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бейресми кездесуде айтты.

«2013 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлер 270 мың квадраттан аспаған. Ал, қазір ол 540 мың  квадрат метрден асып, 2013 жылмен салыстырғанда екі есеге өскен. Соңғы үш жылда облыс орталығында 11 ықшам аудан бой көтерді. Жеке үй салуға арналған жер бөлуде кең көлемде жүрді».

Өз сөзінде облыс әкімі аймақтағы құрылыс қарқынының өсуі 20 мың адамды жұмыспен қамтып, жұмыссыздар санын 4,9% да ұстап тұруға мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.

Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, облыс бойынша нарыққа қажетті, сұранысқа ие мамандарды даялау ісі ауыл-аудан көлемінде қолға алынып, жүйелі жұмыс істеліп жатыр.

"Ұлт ақпарат"