23 қаң, 2017 сағат 15:05

Қытайлардың Димаш туралы түсірген әзіл ролигін 200 млн адам тамашалап үлгерген

"Аспан асты елін" бағындырып, күллі Азияны өзіне қаратқан Димаш Құдайбергеновке арналған әзіл видеороликті аз уақыттың ішінде 200 миллионнан астам адам қарап үлгерген, - деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Айған Жолдасова есімді желі қолданушысы өз парақшасында хабарлады.

"Мына видео Англия, Корея, Жапонияда 200 млн қаралыммен тарап кетіпті. Димаш - сен феноменсің! Димаш əнін айтып болғанша, қытайлық фанаттары əніне мынадай видеоқалжың жасап, таратып жіберген екен. Қызығын қараңыз, Англия, Корея, Жапон елдерінде видеоның қаралымы бір сəтте 200 миллионға жетіпті!", - деп тамсанды Айған Жолдасова.

Желі қолданушылары Димаштың бұл жетістігіне қуанып, жылы сөздерін аямады.

Бүгінде қытайлық БАҚ Димашқа қатысты барлық ақпаратты жариялап, түрлі видеороликтер мен мақалаларды жарыса жазуда.