09 қар, 2017 сағат 10:18

Қытайдың ең бай адамы Димаш Құдайбергенге сыйлық жасады

Димаш Құдайберген Қытайдың ең бай адамы Джек Маның компаниясынан сыйлық алды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстандық әнші Instagram желісіндегі парақшасында Alibaba Group компаниясынан сыйлық алғаны туралы жазды. Аталған компания басшысы - Қытайдың және әлемнің бай адамдарының бірі Джек Ма.

Әзірге Димаш қандай сыйлық алғанын нақтыламады. Ол тек сырт пішініне қарағанда кітапқа ұқсас қара қораптың суретін жариялады.