#
#
Жексенбі 23/02/2020

Қытайдан Қазақстанға тағы 363 адам қайтуға ниет білдіріп отыр – Жандарбек Бекшин

  • 11.02.2020
  • 0
  • 150

Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Қытайдан тағы 363 отандасымыздың қайтуға ниет білдіріп отырғанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлемде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, біріншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалымен коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу үшін іс-шараларды үйлестіру жөніндегі комиссия құрылды. Оның құрамына барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері кіреді. Екіншіден, ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша іс-шаралар жоспары іске асырылуда», - деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, ҚХР арқылы өтетін барлық пунктте санитариялық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілген. Тепловизорлар орнатылып, бақылау мониторингі жүргізілуде.

«Медициналық ұйымдардың дайындығы қамтамасыз етілді. 10200 төсек, оның ішінде 4400 қосымша төсек орындар дайындалып, маскалардың, медициналық бұйымдардың бағасы, олардың қорлары бақылауға алынды. Қорғас сауда орталығының жұмысы тоқтатылды. 6 ақпанда Ухан қаласынан санавиациямен 83 қазақстандық, сондай-ақ Қырғызстанның 18 азаматы, Беларусь Республикасының 5, Арменияның 1 азаматы эвакуциядан өтті. Олар кейін арнайы медициналық мекемеге карантинге жатқызылды», - деді ол.

Жандарбек Бекшиннің сөзіне сенсек, Қазақстанда коронавирусты жедел диагностикалауға мүмкіндік беретін диагностикалық жүйе әзірленген.

«Бұдан басқа РФ-мен ҚХР-дан диагностикалық тесттер алынды. Осылайша коронавирустың инфекцияға күдікті барлық пациент, сондай-ақ Ухан қаласынан арнайы бортпен келген адамдарға зертханалық диагностика жүргізілді. Барлығы 313 адам тексерілді. Нәтижесінде коронавирус табылған жоқ. РФ мен ӨР Денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп, Ухан қаласынан эвакуцияланған азаматтарымыздың денсаулығына мониторинг жүргізілуде», - деді ол.

Оның айтуынша, Түмен облысында үш қазақстандық, Ташкентте бес адам жатыр. Барлық қазақстандықтың жағдайы қанағаттанарлық.

«Сонымен қатар, Бейжің қаласынан Қазақстан азаматтарын шығару мәселесі қарастырылуда. Бүгінгі таңда 363 адам қайтып келуге ниет білдіріп отыр. Бүгін таңғы сағат 05.00-де Нұр-Сұлтан қаласына Қытайдан Қазақстанның 217 азаматы бар рейс келді. Олардың бәрі де үш күндей медициналық және зертханалық тексеру үшін стационарға жеткізілді», - деді ол.

Еске сала кетсек, Қытай астанасы Бейжіңнен бүгін Қазақстанның 217 азаматы эвакуацияланған болатын.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бүгінгі Үкімет отырысында осылай дей келе Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың жоқтығын мәлім еткен болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар