21 нау, 2020 сағат 13:30

Қытайдан гуманитарлық көмектің бірінші партиясы келді

Қытай Халық Республикасы Қазақстанға коронавируспен күресу үшін маскалар, қорғаныш көзілдіріктер және бір рет қолданатын медициналық қолғаптар берді.

 

Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігі хабарлады.
20 наурызда Қытай Құрылыс банкінің Нұр-Сұлтандағы филиалында Қытай Қазақстанның коронавируспен күресуі үшін гуманитарлық көмек ретінде алғашқы партиясын табыстады. Медициналық маскалар, қорғаныш көзілдіріктер және бір рет қолданатын медициналық қолғаптар  "СК-Фармация" ЖШС-ға табысталды. Бұл шара COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі екіжақты ынтымақтастық аясында іске асырылды, - деп жазылған елшілік таратқан хабарламада.