28 жел, 2019 сағат 13:35

Қырғызстан хирургын ешкім шақырған жоқ - вице-министр

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров Қырғызстаннан маман шақыруға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біз бұл туралы жаңалықтардан естідік. ҚР ДСМ, қалалық Білім басқармасынан шақырту болмаған. Пациенттердің бірі бұл дәрігерді шақыртқан деп естідік. Осы маманмен жеке қарым-қатынас болған болу керек», - деді вице-министр.

Мұның алдында Алматыдағы ұшақ апатынан жапа шеккендерді емдеуге Қырғыз елінен белгілі хирург Сабырбек Жұмабеков әріптестерімен бірге ұшып шықты деген ақпарат тараған болатын.