#
#
Жексенбі 29/03/2020

Күрестен Азия чемпионатында қазақстандық балуан қыздар 2 алтын еншіледі

  • 21.02.2020
  • 0
  • 155

Нью-Делиде (Үндістан) күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы бәсекенің екінші күнінде Қазақстан құрамасы 2 алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Оlympic.kz.

53 келіде күрескен Татьяна Ахметова жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалда әлем және Азия чемпионы жапониялық Маю Мукаиданы жеңді.

72 келіде күрескен Жамиля Бақбергенова ел қоржынына екінші алтынды салды.

62 келіде күрескен қазақстандық бұрымды балуан Аяулым Қасымова финалда қарсыласына есе жіберіп, күміске ие болды.

Ал 57 келіде күрескен Алтынай Сатылған қоланы қанағат тұтты.

Қазақстан әйелдер құрамасы жарысты 2 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдемен құрлықтық біріншілікте жалпы командалық есепте медаль саны бойынша 3-ші орынмен аяқтады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар