18 ақп, 2019 сағат 09:13

"Күн мен Ай"

Алматы технологиялық университетінде «Жастар жылына» арналған және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жастардың бос уақытын тиімді өткізу және мәдени демалысты ұйымдастыру мақсатында жыл сайынғы дәстүр бойынша "Күн мен Ай" мегажобасы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – студент пен оқытушының арасындағы ынтымақтасты нығайта отырып, өзара рухани байланысын арттыру. Студенттер мен оқытушылар асыға күтіп, жарыса дайындалатын бұл шараның үздіктері 6 бағыт бойынша бағаланды. Атап айтсақ, халық әні, заманауи ән, аспаптық жанр, ұлттық би, заманауи би және театрландырылған көрініс.

Сазды сайыстың ұйымдастырушылары – Жастар саясаты мен мәдени бұқаралық жұмыс бөлімі.

         «Күн мен Ай» мегажобасы - 2011 жылдан бері тек қана Алматы технологиялық университетінде ұйымдастырылып келеді. Бұл байқауға келген әрбір қонақ сазды сайыстан соң ой сергітіп, көңіл көтеріп, керемет әсермен қайтады. Жеңімпаздарды арнайы шақырылған қонақтардың ішіндегі әділқазылар анықтады. Атап айтсақ, «SHINE PRODUCTION» әншісі Жарқынай Ханайым, актриса, «Бақытсыздар бағы» киносында басты рөлді сомдаған Әйгерім Қалмұратова, жас актёр, «Бақытсыздар бағы» киносында Данияр рөлін сомдаған Еркебұлан Тоқтар, «Жігіт сұлтаны – 2018» байқауының жеңімпазы Шымыр Райымбергенов, «Тұмар» би ансамблінің жетекшісі Бану Тұрғымбаева және «Alpha Academy» тіл курсының директоры Бақнұр Зиябеков болды. Сондай-ақ, байқауға басты демеуші болған - «Alpha Academy» тіл курсы жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстады.

Сонымен, әділқазылар алқасының шешімі бойынша «Үздік ұжым-2019» атағын тағам өндірістері факультеті иеленді. Ал басқа бағыттар бойынша қатысушылар төмендегідей нәтиже көрсетті.

«Заманауи ән»

1-орын: Тағам өндірістері факультеті;

2-орын:Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті;

3-орын: Экономика және бизнес факультеті;

«Халық әні»

1-орын:Тағам өндірістері факультеті;

2-орын: Теxнологиялық-экономикалық колледжі;

3-орын:Инжиниринг және ақпараттық теxнологиялар факультеті;

«Заманауи би»

1-орын:Тағам өндірістері факультеті;

2-орын:Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті;

3-орын:Инжиниринг және ақпараттық теxнологиялар факультеті;

«Аспаптық жанр»

1-орын:Инжиниринг және ақпараттық теxнологиялар факультеті;

2-орын: Теxнологиялық-экономикалық колледжі;

3-орын:Тағам өндірістері факультеті;

«Ұлттық би»

1-орын: Тағам өндірістері факультеті;

2-орын:Инжиниринг және ақпараттық теxнологиялар факультеті;

3-орын:Теxнологиялық-экономикалық колледжі;

«Театрландырылған көрініс»

1-орын:  Теxнологиялық-экономикалық колледжі;

2-орын:Инжиниринг және ақпараттық теxнологиялар факультеті;

3-орын: Тағам өндірістері факультеті.

Бұл жеңіс – студенттер мен оқытушылардың ерекше дайындығының жемісі. Жеңімпаздарға бағындырар белестеріңіз бен алар асуларыңыз көп болсын деген тілек білдіреміз!