#
#
Сенбі 14/12/2019

Қуанышбек Ысқақов Қызылордадағы шыны зауыты қашан ашылатынын айтты

  • 22.11.2019
  • 0
  • 761

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Қызылордадағы шыны зауытының ашылу мерзімін атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Шыны зауыты бүгінгі таңда жұмыс істеп тұр. Мердігер компаниялар келесі жылдың наурызында алғашқы пешті іске қосып, арада тағы үш ай өткеннен кейін Астана күнінде (6 шілдеде) алғашқы сынақ ретіндегі қазақстандық әйнекті дайындайды. Әзірге шешілмеген бірқатар сұрақ бар. Шыны зауыты бойынша жергілікті атқарушы органның өз міндеттемесі барын айта кеткім келеді. Ол – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізіп, теміржол желісін жеткізіп беру», - деді Қуанышбек Ысқақов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуына қарағанда, теміржол желісін тарту жұмысы – осы жылдың желтоқсан айының ортасында аяқталады.

«Біз сонымен қатар, Қызылорда облысының индустриалық картасын әзірледік. Оның атауы – «Қызылорда облысының индустриялық мүмкіндіктері», - деді Қуанышбек Ысқақов.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың мамырында Қызылорда облысындағы жұмыс сапарында өңір жұртшылығымен кездескен кезде шыны зауытының құрылысын аяқтауды тапсырған болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар