10 шіл, 2017 сағат 07:12

Қостанай облысында 1 500 бас қой қойшысымен бірге өртеніп кеткен

Қостанай облысында 1 500 бас қой қойшысымен бірге өртеніп кеткен, - деп хабарлайды "24 хабар".

Оқиғаның Жангелді ауданында болғаны айтылады. Қазіргі уақытта жағдайдың неден туындағаны белгісіз.

Еске салайық, Қырғызстанда 300-ге тарта қой найзағай түсіп, өлген болатын. Оқиға Жалал-Абад облысындағы Ақсый ауданындағы жайлауда болған. Қойшы қойларын Қашқа-Суу жайлауына айдап бара жатқан. Сосын ол Суук-Добо асуында түнеген. Жалпы айдап бара жатқан 600 қойдың үстіне жай түскен, салдарынан 120-сы қырылып, қалған 145-і жардан құлап кеткен. Қойшы зардап шекпеді.