03 ақп, 2020 сағат 14:18

Коронавирустен жазылғандар саны артып келеді - Жандарбек Бекшин

ҚР Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус індеті бойынша әлемдік статистиканы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дүниежүзінде бүгін түске дейін вирус жұқтырғандар саны 17 459 адамға жетті. Одан 362 адам қайтыс болды және 483 адам толық жазылып шықты. Өлімге әкеп соққан 96 пайыз оқиға аурудың ошағы болған Хубэй провинциясында тіркелген», - деді Жандарбек Бекшин Қазмедиа орталығында өткен брифингте.

Оның айтуынша, әлем бойынша ауруды жұқтырғандардың 98,9 пайызы – Қытай тұрғындары.

«Бұдан үш қорытынды жасауға болады: біріншіден, инфекцияның таралуы жалғасуда, бірақ ең алдымен Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында толық жазылғандар саны қайтыс болғандар санынан асып түсті. Бұл бізді қуантады. Үшіншіден, Дүниежүзілік денсаулық мәлімдемесіне сәйкес, Қытай үкіметі эпидемияны негізі аймақта ғана оқшаулауы керек», - деді бас санитарлық дәрігер.

Бұған дейін бас санитарлық дәрігер Ухан қаласынан эвакуацияланған азаматтардың жағдайы туралы айтып берген еді.

Сондай-ақ, 4 ақпаннан бастап, Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасы тоқтайды.