24 мам, 2020 сағат 18:51

Коронавирус: Оралда үш адам жансақтау бөлімінде жатыр

Оралда коронавирусқа шалдыққан үш адам ауыр халде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, үшеуі де жансақтау бөлімінде жатыр.

Облыстық ауруханада барлығы 147 адам ем қабылдауда. Тағы 20 адам Бәйтерек ауданында емделуде.

Дегенмен бүгін 16 адам жазылып шықты, соның 10-ы – Орал қаласынан, біреуі – Шымкенттен, қалғандары – облыс аудандарынан. 

Осылайша өңірде сауыққандар саны 242 адамға жетті.