26 мам, 2020 сағат 17:01

Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 4600-ден асты

Қазақстанда тағы 47 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында - 37, Алматы облысында - 2, Қарағанды облысында - 2, Маңғыстау облысында 6 дерттен айыққан.

Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 4607-ге жетіп отыр:

Hұр-Сұлтан қаласы – 966
Алматы қаласы – 1286
Шымкент қаласы – 228
Ақмола облысы – 104
Ақтөбе об лысы – 172
Алматы облысы – 180
Атырау облысы – 236
Шығыс Қазақстан облысы – 47
Жамбыл облысы – 173
Батыс Қазақстан облысы – 252
Қарағанды облысы – 193
Қостанай облысы – 60
Қызылорда облысы – 231
Маңғыстау облысы – 111
Павлодар облысы – 148
Солтүстік Қазақстан облысы – 33
Түркістан облысы – 187