#
#
Бейсенбі 21/11/2019

Көктөбе бөктеріндегі 250 үйге төнген сел қаупі сейілетін болды – Алматы қаласының әкімі

  • 14.10.2019
  • 0
  • 164

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Көктөбенің көшкін қаупі бар аймақтарын нығайту жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Шілдеде Медеу ауданын аралаған кезде Көктөбе тауының көшкін қаупі бар аймағына орналасқан бірнеше үйдің тұрғындары көмек көрсетуді өтінген еді. Өйткені үйлерге опырылу қаупі төніп, келеңсіз жайт тұрғындарды алаңдатқан болатын. Тамыз айында Горный, Горновосточный және Бегалин көшелері тұйықталған тау бөктерлерін бекіту басталған болатын. Жалпы, 60 жеке үй орналасқан 290 метр беткей нығайтылуы тиіс еді», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram -дағы парақшасында.

Оның айтуынша, батыс жақтағы қабырғаны габионнан жасалған жеті метрлік тіреумен нығайту жұмысы аяқталды.

«Шығыс жағын қарашаның соңында бітіреміз, жалпы барлық жұмыстар аяқталады. Осы аймақта орналасқан 250-ге жуық тұрғынның қаупі сейілетін болады»,- деді әкім.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар