#
#
Бейсенбі 14/11/2019

Қоғам отбасылық құндылықтар институтына мұқтаж - журналист

  • 18.10.2019
  • 0
  • 132

Елордада «Отбасы институтын дамыту: Қоғам, бизнес, мемлекет» тақырыбындағы алғашқы коуч-сессия өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

« Мен күн сайын қоқысқа тасталған сәби, балалар мен ересектер арасындағы суицидтің көбеюі, мектептен үйіне келген жасөспірімнің өзіне қол жұмсағаны туралы айтамын. Осындай жаңалықтарды айтқан сайын өзіме «Неге бұлай болып жатыр? Қоғамға не болған?» деген сұрақ қоямын», - дейді журналист Санди Сұлтан.

Шешендік өнер бойынша сабақ беретін журналист жақын адамыңа оны жақсы көретініңді жиі айту қаншалықты маңызды екенін айтты.

«Шешендік өнерден сабақ бергенде дикцияны дұрыс қоюды ғана үйретпеймін. Мен психолог бола білемін. Кей оқушы қыздарға анасы «Сен әдемі емессің, сондықтан сені телеарнаға жұмысқа алмайды» дейді екен. Осыдан кейін қыз бала өзіне сенімсіз болып, бүкірейіп жүре бастайды. Мен оларға өзіне сенімді болуға үйретіп, әр адамның өз ерекшелігі бар екенін түсіндіремін», - дейді ол.

Ол елімізге отбасылық құндылықтарды дамытатын институттар керек екенін айтты.

«Қоғам отбасылық құндылықтарды дамытатын институттарға мұқтаж. Елімізде Дулат пен Дана Әбілдиновтер отбасы осындай институт ашты. Мен дәл осы отбасының үлкен жауапкершілік арқалағаны үшін қуаныштымын. Бұл шарадан таныстарымды, оқушыларымды көрдім. Біз өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамды бақыттырақ еткіміз келеді. Бұл өте маңызды», - дейді Санди Сұлтан.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар